"Бензин резервуарлары аман". Қостанай облысында үш елдімекенде өрт сөндіріліп жатыр
Аманқарағай ауылындағы (әкімшілік ғимарат) және Лесное ауылындағы мұнай базасының территориясындағы өрт жойылды. Оттың бензин және дизель отыны резервуарларына тиюіне жол берілмеді. Аманқарағай және Озерное ауылдарындағы өрт оқшауланды, енді жекелеген от ошақтарын сөндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Тұрғындар мен өрт сөндіруге жұмылдырылған қызметкерлер арасында қаза болу және жарақат алу жағдайлары тіркелген жоқ.
Жағдайдың жақсара бастағанына байланысты республикалық маңызы бар Р-36 тас жолында және пойыздар қозғалысы толық көлемде жаңартылды (№82, 43, 51, 37, 622 барлығы - 908 жолаушы).
Сағат 10: 00-де Қостанай облысына Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД-дан 15 автоцистерна, 2 вахтовка, 1 қызметтік автомобиль, 98 адам келіп жетуі тиіс, сондай-ақ Алматы қаласы суағызу құрылғылары бар ТЖМ-нің 2 тікұшағы қосымша күш ретінде тартылады.
Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта жағдайды бағалау үшін әуеден барлау жүргізілуде. Әуе барлауының қорытындысы бойынша күштер мен құралдар орман алқабындағы өрт ошақтарын сөндіруге және елді мекендерді қорғауға бағытталатын болады.
Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қостанай облысында бір мезетте 3 табиғи өрт ошағы сөндіріліп жатыр:
Қарабалық ауданында Бозкөл ауылынан 7 шақырымда орналасқан "Михайлов ОШ" КММ территориясында (Кедралы орманшылығы, 172,176 кварталы) құрғақ шөп пен оталған ағаштар (қайың, көктерек) өртенді. Өрт жалмаған аумақтың ауданы анықталу үстінде.
Жұмылдырылған күштер: "Михайловское ОШ" КММ (10 қызметкер, 7 техника), "Боскөл" ЖШС ЕӨҚ (5 қызметкер және соқасымен қоса К-700 2 техникасы). ТЖМ күштері мен құралдары тартылмады.
Ұзынкөл ауданында құрғақ шөп пен оталған ағаштар(қайың, көктерек) өртеніп жатыр. Нақтырақ айтқанда, Ұзынкөл орман шаруашылығынан 15 шақырымындағы Сибирка ауылы маңында (29.08-да сағат 03-50 өрт оқшауланды, өрт шалған алаң - 17,9 га) 2 қыркүйекте сағат 20-00-де екпінді желдің кесірінен өрт РФ Қорған облысы аумағына ұласты, өрт шалған алаңның алдын ала есептелген көлемі - 10 га (батпақты жердегі құрғақ шөптің жануы). Өрт сөндіруге ТЖД (жеке құрамнан 4 адам және 1 техника), Орман шаруашылығы (29 адам және 5 техника), ЕӨСҚ (4 адам және соқысымен қоса 4 К-700 техникасы) күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.
Сурет: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ Шұғыл штабының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта өртті сөндіруге 91 техника, 3 әуе кемесі, 5 өрт пойызы, жеке құрамның 600 адамы жұмылдырылды:
ТЖМ - 40 бірлік техника, жеке құрамның 261 адамы, суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының ТЖД, 52859 ә/б (Қарағанды қ.));
ҚР ІІМ-жеке құрамның 33 адамы;
ҚР ІІМ ҰҰ (Ә/Б 6697) - 150 адамы, 14 техника;
ҚР Қорғаныс министрлігі жеке құрамның 20 адамы;
Орман шаруашылығының 32 бірлік техникасы, Орман күзетінің 83 адамы;
«Қазавиаорманқорған» РМҚК-дан - 12 адам, 2 техника, 1 әуе кемесі;
ЖАО - 3 техника бірлігі, жеке құрамнан 20 адам;
«ҚТЖ» АҚ - 5 өрт сөндіру пойызы (21 адам).