Түркістан облысында даладағы өрт сөндірілді
Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түркістан өңірлік табиғи саябағының "Түркістан-Сырдария" филиалы территориясында құрғақ шөптер мен бұталар өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
3 қыркүйекте сағат 13-40-та 10 гектар жерде құрғақ шөп пен бұталы дала өртенді. Өртті сөндіру барысында жайсыз метеожағдай кедергі келтірді. Жылдамдығы 25 м/с-тан асатын қатты жел тұрғандықтан, өрт үлкен аумаққа тез жайылды.
Тілсіз жаумен күреске 70 адам және 8 техника жұмылдырылды.
Өрт сағат 21-40-та толықтай жойылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Облыс аумағында өрт қауіпті аймақтарда кезекшілік ұйымдастырылды.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript



