Алматыда Көктөбе баурайы өртеніп жатыр
Сурет: куәгерлерден алынды
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Кеңсай тауының баурайындағы өртті сағат 18:56-да әрең дегенде ауыздықталған, өрт сөндірушілер бірден тағы осыған ұқсас шақырту бойынша Көктөбеге ары қарай аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 18: 58-де ТЖД-ның табиғи өрттерге ден қою жөніндегі жасағы Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 үй жанындағы өртті сөндіруге жоғары дәрежедегі дабыл белгісі бойынша аттанды. Белгілі болғандай, тау баурайында құрғақ шөп өртенген.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Алматы тауларынан көрінген түтіннің видеосы жарияланған болатын. Қалалық ТЖД баспасөз қызметі өрт шалған аумақтың алдын ала есептелген көлемі 1,5 гектар болатынын жеткізді.
Кейін өрт жекеменшік үйлерге қарай жылжығаны белгілі болды, бірақ құтқарушылар қауіпті оқшаулай алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript