Атырауда әйел 5-қабаттан секірмек болды
Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторлары жеткен. Олар пәтер есігін ашып, әйелді өлімнен құтқарып қалды.
Полиция капитаны Қобылан Мәмитан мен Нұрсұлтан Әбітовтің айтуынша, сол сәтте әр секунд маңызды болды. Олар тез әрекет етті, дер кезінде шешім қабылдады.
2 қыркүйекте елордада бойжеткен көпқабатты үйден секірмек болған. Оны учаскелік полиция инспекторы Қуаныш Мирзаев аман алып қалды.
21 тамызда Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды. Төрт минуттың ішінде полицейлер ер адамды бұлай етпеуге көндірді.
13 тамызда қарағандылық тұрғын үйдің алтыншы қабатынан секірмек болған. 37 жастағы ер адам алдымен отбасында жанжал шығарып, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған.