Жаңалықтар тізбегі
0

Электр шалғы тиіп кетіп, үш жасар қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2022 22:36 Сурет: Zakon.kz
Бүлдіршін сегіз жасар ағасымен бірге аулада ойнап жүрген. Бірақ ағасы биік көк желектен қарындасын байқамай, электр шалғыны қосып жіберген. Бүлдіршін шұғыл түрде Есіл ауданының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс орталығынан дәрігерлер бригадасы да көмекке атанды. Астана телеарнасының хабарлауынша, хирургтар өз тәжірибесінде мұндай жағдай көптен бері болмағанын айтыпты.

Науқастың жағдайы өте ауыр болды, секундтардың өзі маңызды сәтте дәрігерлер ерен іс тындырды.

Ішкі ағзалардың зақымдану механизмінің өзі өте ауыр деп бағаланды. Біз 4 сағаттан артық асықпай ота жасадық: асқазанды, 12 елі ішекті, тіпті бауырды да мұқият түгендедік. Бауырдың бір бөлігі дененің төменгі жағына қарай салбырап қалған. Дегенмен, бірлескен күш-жігердің арқасында біз бүлінген барлық органды қалпына келтіре алдық. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы Балалар хирургиясы бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Олег Новицкий

Қазір қыз бала Петропавлдағы көпбейінді облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланады.

Менің қызым мықты, бәрін жеңеді деп сенемін. Алтын қол дәрігерлерге алғысым шексіз. Зардап шеккен қыздың анасы Виктория Фишер

Қазіргі уақытта науқасты елордаға жеткізу мәселесі шешіліп жатқаны белгілі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: