Кабулда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2022 10:16 Сурет: pixabay
Black Hawk - әскерилер және қару-жарақты жылдам тасымалдауға арналған америкалық қарулы күштердің әмбебап тікұшағы, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Талибан" жауынгерлері мінген UH-60 Black Hawk әскери тікұшағы Ауғанстан астанасы Кабулда апатқа ұшырады. Үш адам қаза тапты: екі ұшқыш және бір экипаж мүшесі, деп хабарлайды РБК.

Тікұшақ техникалық ақаулар салдарынан Ұлттық қорғаныс университетінің кампусындағы жаттығулар кезінде құлады, делінген хабарламада.

Сонымен қатар, апат кезінде бес адам жарақат алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: