Гондураста америкалық әскерилер мінген тікұшақ құлады

Тікұшақ, Гондурас, америкалық әскерилер, апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 19:28 Сурет: pixabay
Гондураста америкалық Black Hawk тікұшағы құлап, төрт әскери қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Newsweek басылымының мәліметінше, тікұшақ апаты Комаягуа қаласындағы Энрике Сото Кано әуе базасының маңында болған.

"Бортында төрт әскери қызметкер бар UH-60 Sikorsky UH-60 Black Hawk тікұшағы құлады. Олардың барлығы жарақат алды", делінген хабарламада.

Гондурас азаматтық авиация агенттігі оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтты.

Бұған дейін Ақтаудағы ұшақтың апатқа ұшырауына қатысты тергеудің қорытынды есебі 2025 жылдың соңына дейін жарияланатыны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: