23 жастағы жігіт селфи жасаймын деп жанартауға құлап кетті
Сурет: wikimedia
Америкалық турист Везувий жанартауы шұңқырына құлап, зардап шекті деп хабарлайды Zakon.kz.
turkystan.kz басылымының мәліметінше, 23 жастағы америкалық отбасымен бірге Неапольде демалған. Олар аймақтың басты көрікті жері – Везувий жанартауына барғысы келген.
Америкалықтар танымал әрі қауіпсіз саяхат жолын іздеудің орнына, тыйым салынған, өте қауіпті бағытты таңдаған.
Жігіт жанартауда селфи жасамақ болғанда, телефоны шұңқырға түсіп кеткен. Оны алуға тырысқан кезде ізінше өзі де құлаған. Құтқарушылар туристі құтқарып қалған. Ол айтарлықтай зардап шекпегені хабарланды.
Везувий тауы – Италиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Сарапшылар оны әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі деп санайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript