Алматыда көппәтерлі тұрғын үйдегі сауна өртенді

Оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 13:23 Сурет: Zakon.kz
17 қыркүйекте сағат 05:25-те саунаның булау бөлмесінен өрт шықты. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы ТЖД мәліметінше, әл-Фараби даңғылында орналасқан тұрғын үйдегі сауна өртенді.

Көпқабатты үйдің астыңғы қабатындағы булау бөлмесі, яғни 10 шаршы метр алаң өртеніп кетті, оттың шығу себебін мамандар анықтап жатыр.

Өрт сағат 05:46-да оқшауланып, 05:59-да толықтай сөндірілді.

Instagram-дағы жазба авторы саунаның заңсыз жабдықталғанын айтады. Тұрғындар көп жыл бойы әкімдікке, прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға шағымданып келген, бірақ одан ешқандай нәтиже болмапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: