Павлодарда сирек кездесетін жануарларды атқандарға 21 млн теңге айыппұл салынды
Сурет: pixabay
Павлодар облысында екі аңшы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса 21 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баянауыл аудандық соты Павлодар қаласының екі тұрғынын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 4-бөлігінің 2,4-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
Олар 6 жыл мерзімге аңшылықпен айналысу құқығынан айырылып, қаруы тәркіленді, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот мемлекет пайдасына – 21 миллион теңге шығынды өтеуге міндеттеді. Азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды, – деді полиция.
Аңшылардан екі сілеусін терісі мен еліктің ұшасы тәркіленді. Полицейлердің мәлімдеуінше, аңшылар "салафизм" деструктивті ағымының өкілдері болған.
Павлодар облысында сілеусін аулауға тыйым салынған. 2022 жылғы 1 қаңтардан тамызға дейін елік аулауға да тыйым салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript