Павлодарда мас ер адам төбелес шығарып, анасын тістеп алды

Павлодар, жанжал, мас, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 13:47 Сурет: Zakon.kz
15 қыркүйекте Павлодар қаласының тұрғыны 25 жастағы ұлының үстінен полицияға шағым түсірді. Оның айтуынша, баласы үйіне мас күйінде келіп, жанжал шығарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел ұлын тыныштандырмақ болғанда, баласы оған қол көтеріп, саусағын тістеп алған.

Пәтер қанға боялған. Басқа бөлмеден ашулы жігіт шықты. Жас жігіт анасына балағат сөздер айтып, қарғаған. Ол бізбен сөйлеспей қойды, сондықтан ақылға келтіру үшін қолын қайыруға тура келді. Патрульдік полиция батальонының инспекторы Жәнібек Шәкіров

Ұсталған жігіт полиция бөлімшесіне барар жолда анасына не себепті тап бергенін түсіндіріп бақты.

Айтуынша, әйелімен жанжалдасып, анасына түнеуге келген, алайда үйінен бейтаныс адамды көріп, ашуланған.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері хабарлағандай, төбелеске қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 бабы «Ұрып-соғу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сараптама ер адам қызу болғанын көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: