Атырау облысындағы өрттің бір ошағы сөндірілді
Сурет: Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Шамамен аумағы 400 шаршы метр болатын қамыстың ашық отпен жанып жатқан бір ошағы сөндірілді. "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына өрт таралған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы ТЖД өкілдері әуеден барлау барысында шамамен 400 шаршы метр алаңда екі жерде қамыс жанып жатқаны және тағы 1 га алаңда қамыстың бықсып жатқаны анықталғанын мәлімдеді.
Сөндіру жұмыстарын жүргізген сәттен бастап су ағызу құрылғысы бар ҚР ТЖМ МИ-8 тікұшағымен 33 рет өрт ошақтарына су шашылды. Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сурет: Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript