Көкшетау тауындағы өрт оқшауланды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2022 12:46 Сурет: Zakon.kz
Төтеншеліктер "Көкшетау" тауындағы өртпен әлі алысып жатыр. Өрт оқшауланғанымен, толығымен әлі ауыздықталған жоқ. ҚР ТЖМ таулы жердегі жалынмен күресудің бірқатар қиындығы бар екендігін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 11: 13-тегі жағдай. Бурабай МҰТП аумағында "Көкшетау" тауындағы өрт оқшауланды. Өрт шалған аумақтың алдын ала көлемі 0,03 гектарды (300 ш. м.) құрайды.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамының 200-ден астам адамы және "Бурабай" МҰТП-ның 70 қызметкері жұмылдырылды. "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағынан 12 рет су атқыланды (36 тонна). Оттың таралу қаупі жойылды және зардап шеккендер жоқ. ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: