Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол-көлік апаты болды
Оқиғаға қатысушылардың бірінің айтуынша, №65 бағыттағы автобус Төле би көшесімен батыс бағытта келе жатқан. Оның алдынан Kia Sportage, Kia Optima және "Газель "маркалы көліктер кетіп бара жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Автобус жүргізушісі Kia Sportage көлігінің артқы қанатын соғып, жолаушылар көлігінің айнасын сындырған. Осыдан кейін Kia Optima-ны соққан, көлік қатты соққыдан жолдан шығып кеткен. Kia Optima екпінмен жүргізушісі жол жиегіне шығып, арықтың үстіне бір-ақ тоқтаған.
Сурет: Zakon.kz
Оқиға орнына бірнеше жедел жәрдем бригадасы келіп, апатқа ұшырағандарды тексерді. Олардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Біраз уақыттан кейін ғана автобус жолаушысы медициналық көмекке жүгінген. Ол ұйіне жеткенде өзін нашар сезінген.
Автобус жүргізушісі мән-жайды түсіндіре алмады. Жол апатынан ол есеңгіреп қалды.
Оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.