Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтауда биіктен секіріп кеткен оқушы қызға қатысты тың мәлімет жарияланды

Суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2022 22:38 Сурет: pixabay
16 жастағы мектеп оқушысы көпқабатты үйлердің бірінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсады. Осы көктемде ғана жасөспірім балалар үйіне орналастырылған екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңаөзенде оқитын 16 жасар оқушы көктемде алматылық адвокаттың көмегіне жүгінген. Сол кезде екі рет өзін-өзі өлтірмек болған қыз одан өзін құтқаруды өтініпті. Бала жеті жасынан бастап әжесінің қолында. Осы жылдар бойында ол жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенге ұқсайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Маңғыстауға келген адвокат полицияға арыз түсірді. Қылмыстық іс қозғалды, бала отбасынан ажыратып алынды. Бірақ тергеу мен сараптама қылмыстың құрамы жоқ екенін көрсетті. Осылайша қылмыстық іс жабылды.

Мұны білгеннен кейін қыздың өмір сүргісі келмей, түңілген. Заңгерлер мен құқық қорғаушылар баланы Алматыға жеткізу керектігін айтып, талап етті. Олар қолайлы балалар үйін, тіпті оны өз отбасына алуға дайын әйелді де тапқан.

Тіпті, асырап алушы ана жасөспіріммен кездесу үшін Ақтауға да келген. Бірақ оған кездесуге рұқсат етілмеді. Тыйымның себебі қорғаншылық органдардың рұқсатының жоқтығымен түсіндірілді.

Қыздағы жағдай ерекше екенін айтып, түсіндіруге тырыстық. Ол қайтадан өз-өзіне қол жұмсап жүруі мүмкін дегенді жеткізе алмадық. Біз оны ертерек алып кетуге рұқсат беруді өтіндік. Олар тым-тырыс, маған жауап қатпады, тек қана тиісті рұқсат қағаз әкелгенде ғана менің онымен кездесуіме мүмкіндік беретіндерін айтты. Заңгер Қарлығаш Қожағариева

Қарлығаш Қожағариева соңғы рет бір жарым апта бұрын оқушымен сөйлескен. Бала депрессияға ұшыраған, тезірек өзі тұратын өңірден кеткісі келді, - дейді заңгер.

28 қыркүйекте мектептен балалар үйіне қайтып келе жатқанда ол биік ғимараттың төбесіне шығып, секіріп кеткен. Қыз жаңадан келген мектептің басшылығы оның проблемаларынан мүлде хабарсыз болғандарын айтады. Психологтың айтуынша, ол сыныптағы балалармен тез тіл табысып, сабақты да жақсы оқыған.

Әрдайым мектепке жаңадан бала келгенде, әсіресе ол балалар үйінің тәрбиеленушісі болса, мен міндетті түрде олармен кездесіп, сөйлесемін. Жангүлмен де солай болды. Ол мұндағы балаларға тез сіңіп кетті. Мектебі, сыныптастары өзіне ұнайтын. Ешқандай проблемалар айтылмады. Алғашқы айда тек бейімделу жүреді. Біз онымен өмірі, балалық шақтағы жан жарасына қатысты сеанстар өткізген жоқпыз. Балалар психологы Махаббат Тасболатова

Балалар үйінде және облыстық білім басқармасы аталған жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: