Шымкентте аялдамадағы шұңқырға қала тұрғынының аяғы кіріп кетті

Шымкент, шұңқыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 14:49 Сурет: pixabay
5 қазан күні Шымкенттегі аудандардың біріндегі аялдамада 59 жастағы әйел адам аяғымен шұңқырға құлап кетті. Оған құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ТЖД хабарлағандай, әйел шұңқырды байқамаған. Соның салдарынан ол аяғымен бетон асфальттың ойығына құлап кеткен. Шұңқырдан өз бетімен шыға алмады.

Оқиға орнына құтқарушылар жетті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арнайы апаттық-гидравликалық құтқару құралдарының көмегімен бетонды сындырып, зардап шеккен әйелдің аяғын босатты. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы

Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері де жетіп, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: