Шымкентте белгісіз біреулер дәмханаға келушілерге оқ атқан

Шымкент, оқ ату, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 15:32 Сурет: Шымкент ПД баспасөз қызметі
7 қазанға қараған түні Шымкенттегі дәмханада атыс болды. Қалалық полицейлер Zakon.kz сайтына жәбірленушінің бар екенін хабарлады. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалалық полицияның хабарлауынша, белгісіз біреулер қарудан оқ атып, келушіні жаралаған.

Кейін олар оқиға орнынан қашып кеткен. Жаралы жансақтау бөлімінде жатыр.Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Департаменттің хабарлауынша, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сонымен қатар жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ВАЗ-21014 көлігін тіркегені айтылады.

Салоннан патрондары бар екі мылтық табылды. Қазір күдіктілерді ұстау шарасы жүргізіліп жатыр.Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: