Түркістан облысында суға батып кеткен үндістандық студенттің денесі табылды
Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Түркістан облысының құтқарушылары 10 қазан күні Үндістаннан келген шетелдік студенттің денесін тапты. Ол досы екеуі 26 маусымда суға батып кетті. Екіншісінің денесі әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іздеу жұмыстарына 12 құтқарушы мен 2 қайық жұмылдырылды.
Шетелдік азаматтың мәйіті Түркістан облысындағы Ақсу өзенінің маңынан табылды.
Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
Сурет: Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі
10 қазан күні сағат 13:15-те үздіксіз іздестіру жұмыстары кезінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Ақсу өзенінен Ханарық ауылының солтүстіген 1,5 шақырым төмен жерден бір адамның мәйітін тапты. Мәйіт сараптама жүргізу үшін полицияға тапсырылды. Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
26 маусым күні кешкілік Түркістан облысы Төлеби ауданы Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде ( Ақсу шатқалындағы Ақсу өзені) 2001 жылы туған екі студент белгісіз жағдайда суға батып кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript