Ақтөбе облысында 52 жолаушысы бар автобус аударылды

Ақтөбе облысы, жол-көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2022 17:21 Сурет: Zakon.kz
13 қазанда Самара – Шымкент тас жолында автобус аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлікте күзет агенттіктеріеің бірінің 52 қызметкері болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның мәліметінше, жол апаты Ақжар ауылының маңында болған.

Автобуста 52 жолаушы болған, олардың барлығы күзет агенттіктерінің бірінің қызметкерлері, олар жұмысқа бара жатқан. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлердің айтуынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, автобус шұңқырға ұшып кеткен.

Түрлі дене жарақаттарымен 9 жолаушы Хромтау орталық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады ведомстводан.

Дәл осы тарссада13 қазан күні таңертең "Газель" мен Yutong жолаушылар автобусы соқтығысты. Оқиға салдарынан автобустың бір жолаушысы қаза тауып, бесеуі зардап шекті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: