Рудныйда жалған ақша жасаушылардан 28 мың доллар тәркіленді

Рудный, жалған ақша, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2022 11:41 Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары өткізді. Арнайы шара барысында жалған 100 долларлық купюраларды сатумен айналысқан бір топ тұлғаны анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, жалған валютаны кезекті рет сатуға әрекеттенген қылмыскерлер Рудный қаласында ұсталды.

Қылмысқа қатысушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ірі көлемдегі жалған ақша табылды. Тәркіленген жалған қаражаттың жалпы сомасы 28 100 АҚШ долларынан асты.ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Ведомство заң бұзушылар ұсталғанын хабарлады.

Сондай-ақ тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайтыны айтылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: