Елімізден жалпы сомасы 45 млн доллар болатын бензинді заңсыз шығармақ болған
Сурет: Zakon.kz
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан Өзбекстанға заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңге болатын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна анықталды, оны «жанармай қоспасы» деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып шықты.
Белгілі болғандай, келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған.ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қазір бұл жайт бойынша тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript