Оппозициядан кандидат Нұрлан Әуесбаевтың жоспарланған брифингі болмай қалды
Сурет: osdp.kz
14 қазанда Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Нұрлан Әуесбаевтың баспасөз мәслихатын өткізе алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Партияда атап өтілгендей, сағат 11:00-де "Марден" бизнес орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты жоспарланған еді. Онда науқан алдындағы іс-шаралардың аралық нәтижесін жариялау жоспарланған.
Іс-шара басталар алдында бізге бизнес орталықта шұғыл апатты жұмыстар жүріп жатқанын айтып, мәжіліс залына кіргізбеді. Ал басқа жалға алушылар тыныш қана жұмысын жалғастырып жатыр. Апатты жою оларға ешқандай әсер еткен жоқ.Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
Партия мұны олардың кандидатына қысым көрсету әрекеті деп бағалайды.
Біз - сайлауға қатысатын жалғыз оппозициялық партиямыз. Әрине, бұл билік басындағылардың көбіне ұнамайды.Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы
Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына белгіленген.
Мақаламен бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript