Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Павлодар облысы, жол-көлік апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 09:32 Сурет: pavlodarnews.kz
Жүргізуші ашық бассүйек-ми жарақатын алған, маңдай және самай сүйектері сынған. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"103" қызметіне Ақсудағы көпірде болған апат туралы хабар 16 қазан күні түскен.

Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы қоңырау түскеннен кейін 5 минуттан соң жеткен.

Жүргізуші көлікке ие бола алмай жол бойындағы қоршауды сүріп өткен.

Дәрігерлердің сөзінше, 30 жастан асқан адамда ашық ми жарақаты, ауыр дәрежеде мидың шайқалуы анықталды. Маңдай және самай сүйектері, екі білегі сынған. Сондай-ақ церебральды кома және үшінші дәрежелі аралас шок тіркелді.

Зардап шеккен адам №1 қалалық аурухананың политравма бөлімшесіне жеткізіліп, кейін жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: