Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтыр тұрғын үйде орналасқан 9 клуб пен бардың жұмысына шағымданды

Қазақстан, Алматы, клуб, бар, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2022 14:43 Сурет: Zakon.kz
Алматыда полицейлер тоғыз ойын-сауық мекемесі орналасқан үйге 300-ден көп рет барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төлебаев пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысына жақын жерде орналасқан клубтар мен барларға қатысты маңайдағы үйлердің тұрғындарынан көптеген шағым түсіп жатыр.

Полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, бұл мекемелердің әкімшілігі мен келушілерінен 901 адам түрлі құқықбұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылды.

Атап айтсақ, тыныштықты бұзғаны үшін 134 рет, ұсақ бұзақылық үшін 70 рет, алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін 324 рет, белгіленбеген жерде темекі шеккені үшін 132 рет, қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 156 рет, қоғамдық орындарды ластағаны үшін 42 рет және т.б.

Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл мекеме басшыларына қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұйғарым жіберілді.

Сағат 23:00-ден кейін тыныштықты бұзу фактісі тіркелген сайын патруль қызметкерлері музыканы күштеп өшіреді. Алматы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров

2022 жылдың басынан бері бұл ойын-сауық мекемелерінің аумағында 7 қылмыс тіркелді: 4 ұрлық, 1 тонау, 1 бұзақылық, 1 дене жарақатын келтіру фактісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: