Елімізде полицияға жыл басынан бері тұрмыстық зорлық туралы 100 мың хабарлама түскен
Министрдің сөзінше, хабарламаның басым бөлігі Шымкент, Астана, Алматыға және Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарына тиесілі.
Биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мың хабарлама келіп түсті. Сонымен бірге полиция олардың 60%-ы бойынша шара қолдана алмады, себебі жәбірленушілер оқиға орнында арыз жазудан бас тартты. Ал онсыз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полицей "тұрмыстық тирандарды" жауапқа тарта алмайды. Соның салдарынан жазадан бас тарту озбырлыққа апарып соқтырады. Содан да қол көтеру ауыр зардаптарға әкеп соғатын әдетке айналды.ҚР Ішкі істер министрлігі Марат Ахметжанов
Ішкі істер министрінің айтуынша, тек 2022 жылдың өзінде 668 тұрмыстық қылмыс жасалған. Министрлік тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарламаларға жауап беру үшін шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.
Жыл басынан бері төбелесетіндерге қатысты 35 мың әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде сот шешімі бойынша:
10 мыңнан астам адам қамауға алынды,
8,5 мың адамға ескертілді,
675 адамға айыппұл салынды.
Зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 67 мың қорғаныс бұйрығы шығарылды. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі жанжалшыл адамның портретін құрастырған еді.