Қызыл кітапқа енген ителгіні қырғыз асырмақ болғандар ұсталды

20 қазанда Жамбыл облысында шекарашылар Қызыл кітапқа енген құстарды елден алып кетпек болған топты ұстады. Олар контрабандалық жүкті Қырғызстанға жөнелтпек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Экология министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олар Қызыл кітапқа енген 9 сұңқар тұқымдас италгі құсын алып өтпек болды.
Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ведомство өкілдері қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript