Ақмола облысында "Алмаз" шипажайындағы өрт сөндірілді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 20:09 Сурет: Ақмола облыстық ТЖД
Шипажай аумағында жеке орналасқан отжақпа нысан өртенген. Жалын көршілес үш қабатты ағаш ғимаратқа ойысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт сөндірушілер екі сағат ішінде өртті толығымен оқшаулап, сөндіре алды.

Жедел әрекеттердің арқасында өрт басқа корпустарға тарамады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталу үстінде. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 33 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды.

Сурет: Ақмола облыстық ТЖД

Өртенген ғимарат толықтай ағаштай тұрғызылған, ол тек жазда ғана пайдаланылған.

Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: