Ақтөбе облысында өрт кезінде жарылыс қаупі жойылды
Сурет: Zakon.kz
Темір қаласындағы Бөгенбай батыр көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында шаруашылық нысан өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттің үлкен аумақты қамтығанын анықтады.
Өртке оранған нысанды барлау кезінде өрт сөндірушілер газ және оттегі баллондарын тауып, оларды сыртқа алып шықты.
Оқиға орнына келіп жеткенде өрттің едәуір алаңға таралып үлгергеніне қарамастан өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтай алды. Өрт шалған аумақтың жалпы алаңы - 500 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін Алматы облысында жиһаз цехы өртеніп, екі адамды күйік шалғанын хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript