Алматы облысында жиһаз дайындайтын өндірістік цех ғимаратында өрт шықты

ТЖМ өрт сөндірушілері автокөлік жуу ғимаратын өрттен қорғады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2024 14:56 Сурет: t.me/qr_tjm
Алматы облысы диспетчерінің пультіне Қарасай ауданының Абай және Райымбек ауылдарының арасында орналасқан жиһаз дайындау бойынша өндірістік цех ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген бетте жақын тұрған көлік жуу ғимаратына көшу қаупі бар ашық жану байқалды.

Сурет: t.me/qr_tjm

Сурет: t.me/qr_tjm

Көптеген жанғыш материалдардан туындаған үлкен өрт жүктемесіне және қатты түтінге қарамастан, ТЖМ қызметкерлері 231 шаршы метр аумақтағы өртті одан әрі таралуына жол бермей сөндірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: