Жаңалықтар тізбегі
0

Риддер қаласы жылусыз қалып, облыс әкімдігі аяғынан тік тұрды

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 13:19 Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Риддер қаласының тұрғындары үйлерінде жылу жоқтығына шағымданды. ЖЭО басшылығы су араласқан мазуттың сапасын бақыламаған болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Риддерде жылумен қамсыздандыру қызметі кешке дейін қалыпқа келтіріледі. Мазуттың сапасына байланысты штаттан тыс жағдай орын алды, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Техникалық себептерге байланысты ЖЭО жұмысы тоқтатылды. Бірақ тұрғындарға алаңдауға негіз жоқ, жылумен қамсыздандыру жұмысы кешке қалыпқа келтіріледі.

ЖЭО басшылығы су араласқан мазуттың сапасын бақыламай, салғырттық танытқан.

Қазір жылу беру станциясына "Қазцинк" ЖШС-дан 60 тонна мазут және ЖЭО ӨБ-дан 70 тонна мазут жіберілді. 25 қазанда түнгі бірлерде тағы алты цистерна келіп жетеді. Мұның бәрі станцияны 100 күндік үздіксіз жұмыс істеуі үшін отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, яғни қаланы жылумен жабдықтау ең қысқа мерзімде қалпына келтіріледі. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір басшысы Даниал Ахметов атап өткендей, осы уақытта ЖЭО ӨБ-дан Риддердегі ЖЭО-ға 20 тонна мазут тиеген алғашқы көлік аттанып кетті, бір сағат барысында жол полициясының алып жүруімен тағы 50 тонна жөнелтіледі, сондай-ақ "Қазцинк" ЖШС-да мазут жеткізеді.

Риддерде жылу қазандығында ақау орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 13:19

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Станцияның екінші қазандығы қатты отынмен жұмыс істейді, бірінші және үшіншісін іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал сағат 22:00-ге дейін Риддер ЖЭО температуралық режимге сәйкес тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етеді.

Мазутқа су араласқан, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2022 13:19

Сурет: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Өңір прокуратурасы "Риддер ЖЭО" АҚ басшылығы тарапынан жіберілген немқұрайлылық фактісі бойынша тергеу амалдарын қолға алды. Жедел штаб құрылды, жағдай өңір басшысының жеке бақылауына алынды. Қазір қалада облыс әкімінің орынбасары жүр. Халық арасында дүрбелеңнің орын алуына негіз жоқ.

Сағат 22:00-ге дейін жылумен жабдықтау жүйесі нормативтік режимге өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: