Риддер тұрғыны 1,5 келіден астам есірткі сатпақ болған

есірткі тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2022 10:20 Сурет: polisia.kz
Мамыр айының соңында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына Риддер қаласының 44 жастағы тұрғынының есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеруді бастағаннан кейін ақпарат өзінің растауын тапты. 1 маусымда “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары аталған ер адамды ұстады.

Өзімен бірге белгілі бір иісі бар өсімдік тектес 3 полимерден және бір қағаздан жасалған түйіншек болған. Тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде ұқсас құрамы бар 86 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сараптама күдіктіден алынған заттардың жалпы салмағы 1 503,2 грамм кептірілген марихуана есірткі екенін көрсетті.

Ұсталғаннан кейін күдікті қамауға алынды, қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: