Қостанайда 12 жасар қыз автобус астына түсіп, қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Оқиға кеше қаладағы Абай даңғылында болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соқтығыс салдарынан бала аса ауыр дене жарақаттарын алған.
Полицияның хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторында.
Тәртіп сақшылары азаматтарға жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек екенін тағы бір рет ескертті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript