Ақтөбе облысында 5 браконьер ұсталды

Ақтөбе облысы, киік, броконьер, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2022 15:44 Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі
25 қазанда Ақтөбе облысының Қобда және Байғанин аудандарының аумағында полицейлер "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасын жүргізді. Нәтижесінде 27 киік өлексесі мен қару-жарақ тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі тәркіленген заттай айғақтар бойынша сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын айтты.

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Ұсталған бес адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

27 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында браконьерлер ұсталды. Полиция қызметкерлері екі пышақ, "Вепрь" маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық пен патрондар тәркіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: