Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат: Шахтадағы апатқа кінәлілердің бәрі жауапқа тартылуы керек

Қарағанды, депутат, газ, апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2022 14:11 Сурет: unsplash
Палата кулуарында ҚР парламенті сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров Шахтинскідегі төтенше жағдай туралы айтты. Ол заң бойынша жауапты тұлғалар қылмыстық қана емес, материалдық жауапкершілікке де тартылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қайрат Қожамжаров тиісті шара қолдану үшін барлық заңды жағдайлар бар екенін айтты.

Қылмыстық жауапкершілік қана емес, сонымен қатар лауазымды тұлғалардың деңгейіне және олардың функционалдық міндеттеріне байланысты материалдық жауапкершілік қарастырылған. Бұл жауапкершіліктің әртүрлі деңгейлері болуы мүмкін. Енді тиісті органдар тексеріп, заң аясында шара қолданады. Бізге адамдар саны, олардың жауапкершілік деңгейі мен түрлері туралы айтылады деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Қайрат Қожамжаров

Сенатор кәсіпорын басшылығы мен құрылтайшысы арасында заңнамаға сәйкес жауапкершілікті бөлу қарастырылғанын атап өтті.

Барлық жауаптылар жауапқа тартылуы керек. Ең алдымен, осы компанияның басшыларының, өкілдерінің кінәсі бар екенін, сондай-ақ осы салдарлар мен олардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арасында себептік байланыстың болуын дәлелдеу қажет. Көп нәрсе біздің құзырлы органдардың қалай тергеу жүргізіп, соның бәрін дәлелдей алатынына байланысты. Қайрат Қожамжаров

2022 жылғы 3 қарашада шамамен түнгі сағат 3.00-те Шахтинск қаласындағы "Арселор Митал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газды дренаж скважиналарды бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде газ шығуы салдарынан 5 жұмысшы қайтыс болды. Тағы бір жұмысшыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 4 жұмысшы ауруханаға жатқызылды.

"Арселор Миттал Теміртау" көмір департаментінің директоры Арман Қалықов қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасынан кешірім сұрап, оларға көмек көрсетілетінін айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: