"Қазақстан" шахтасында жұмысшының денесі табылды
Сурет: "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі
Оқыс оқиға жұмысшы міндетін орындау кезінен тыс уақытта орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
6 қарашада "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасының аумағында департамент бөлімшелерінің бірінің қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлады "АМТ" АҚ баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға жұмысшы міндетін орындау кезінен тыс уақытта орын алғаны атап өтіледі.
Полиция тергеу амалдарын қолға алды.
3 қарашада Қарағанды облысындағы шахтада метан газы бөлініп, жарылыс болды. Салдарынан бес адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті. Апат кезінде жер астында 106 кенші болған, оның 101-і эвакуацияланды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript