Жаңалықтар тізбегі
0

Соқтығысқан екі автобустың бірінде болған студент: Шыны қабырғаға басыммен қадалдым

Куәгер , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2022 20:11 Сурет: Zakon.kz
Жас жігіттің айтуынша, екі автобус соқтығысқаннан кейінгі алғашқы минуттарда көбісі не болып, не қойғанын бірден түсінбей абдырап, қатты шошып қалған. Мыжылған көлік салоны ішіндегі зардап шегушілерге сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмектескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Студент Бейбіт Құрманжан оқыс оқиғадан бірнеше минут бұрын ғана автобусқа мініп, салонның соңғы орындықтарының біріне жайғасқан. Бозбала оқу орнына бара жатқан, жол бойы үнемі телефонына үңіліп отырған.

Алматыда екі автобус соқтығысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2022 20:11

Сурет: Бейбіт Құрманжанның жеке мұрағатынан алынды

Бір уақытта Бейбіт өзіне тиген қатты соққыны сезеді. Алматылық жігіт не болып, не қойғанын бірден түсіне алмаған. Орнынан көтерілген ол екі автобустың соқтығысқанын, тротуарға шығып, бірнеше адамды қаққанын көреді.

Автобусты бос болды деп айтса да болады, ішінде небәрі оншақты адам бар еді. Бірнәрсе түсінетіндей болғанымыз жоқ, бәрі тым тез болды. Жолаушылар есеңгіреп мәңгіріп қалды, тіпті айқай да естілген жоқ. Автобус бізді шайқап, барлығымыз жан-жаққа ұштық, автобустағы әртүрлі заттар да ұшып, адамдарға тиді. Мен автобустың ішіндегі шыны қабырғаға басыммен қадалдым. Ол сынып, мені кесіп кетті. Студент Бейбіт Құрманжан

Бейбіт автобус ішінде адамдардың өзімен бірге алып жүрген заттары шашылып кеткенін айтады. Еденге қан тамған, сонымен қатар барлық терезе сынған, ұстап тұруға арналған тұтқалар үзіліп, есіктер де қираған.

Мен сыртқа шығуға ұмтылғанымда автобустың ішінде ешкім болмады. Көшедегі адамдар бірден бізге қарай көмекке ұмтылды, менің беті-қолымды жуды. Содан кейін жедел жәрдем көлігін тежемес үшін емханаға кеттім. Менің жағдайым басқаларға қарағанда едеуір тәуір болды. Бетімдегі жарақаттар болмаса, – дейді зардап шегуші.

Емханада Бейбіттің жарасы орнынан шыныны алып, кесік-тілік жерлерін зарарсыздандырып берген. Тексеруден кейін студент оқиға орнына оралған, онда да ауруханаға жатудан бас тарту үшін.

Сондай-ақ, жігіт көшеде сол маңнан өтіп бара жатқан адамдардың барлығы зардап шеккендерге көмектесуге тырысқанын есіне алады. Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері бірінен соң бірі келіп, жолаушылардың көпшілігін ауруханаға алып кеткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 201-ші бағыттағы автобус Төле би көшесімен тура жүріп келе жатқан, 98-ші нөмірлі автобус Абылай хан көшесімен жоғары қарай бағыт алған. Жол қиылысында екеуі соқтығысқан.

Автобустардың қатты соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 21 адам түрлі жарақат алды.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Мән-жай анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: