Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО тұрғыны екі елден зейнетақы алып жүрген

ШҚО тұрғыны екі елден зейнетақы алған, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 14:39 Сурет: Zakon.kz
Бір жылға жуық уақыт бойы әйел адам Қазақстан және Ресей тарапынан зейнетақы төлемдерін алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шығыс Қазақстан облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері қос азаматтықтың кезекті фактісін анықтаған.

Заң бұзушыны Алтай ауданының тәртіп сақшылары аудан әкімдігімен салыстырып, тексеру жүргізу кезінде анықтаған.

Полицейлер 2021 жылы Алтай қаласының 74 жастағы тұрғыны Красноярск өлкесі бойынша шет мемлекеттің азаматтығын алып, Ресей Федерациясы азаматының төлқұжатын ресімдегенін анықтаған.

Алайда бұл туралы ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шетел мекемелеріне хабарламаған, осылайша бұзушылыққа жол берген. Сонымен қатар бір жылға жуық әйел Қазақстан және Ресей тарапынан зейнетақы төлемдерін алған, деп жазады, Polisia.kz.

Қазақстанның құжаттарын пайдаланғаны үшін шетел азаматшасын Алтай ауданының соты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен 200 АЕК сомасында айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қазіргі уақытта Қазақстанның құжаттары алынып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру тіркелді. ШҚО-да жыл басынан бері 75-тен астам адам азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ШҚО ПД көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда бұл туралы 30 күнтізбелік күн ішінде ІІО-ға немесе Қазақстан Республикасындағы шетел мекемелеріне хабарлау қажет екенін ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: