Жаңалықтар тізбегі
0

Тоғыз облыстың алтауында жол учаскелеріне енгізілген шектеулердің күші жойылды

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.11.2022 16:31 Сурет: Ақмола облысы ПД
Тоғыз өңірдің алтауында жол қозғалысына енгізілген шектеулер күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

QazAvtoJol баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүк және қоғамдық көлік қозғалысына енгізілген шектеу Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында алынды.

"Республикалық жолдар желісінде күшейтілген режимде 220 арнайы техника мен 300 адам қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда. Түнде 520 шаршы метр құм-тұз қоспасы себілді", делінген хабарламада.

Құзырлы ведомства таратқан ақпаратқа сүйенсек, қазір мына жол учаскелері әлі жабық күйінде қалып отыр:

  • Жетісу облысында "Алматы-Өскемен" тас жолының Көлбай ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесі;

  • Шығыс Қазақстан облысында Қаратал ауылынан ҚХР шекарасына дейінгі "Омбы-Майқапшағай" трассасының учаскесі;

  • Абай облысында Жетісу облысының шекарасынан Аягөз қаласына дейінгі "Алматы-Өскемен" тас жолының учаскесі;

  • Абай облысында Таскескен ауылына бұрылыстан Үржар ауылына дейінгі "Таскескен-Бақты" трассасының учаскесі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: