Жаңалықтар тізбегі
0

Сқақов: Жылумен жабдықтау жүйесі толыққанды іске қосылмайынша, бұл жерден кетпейміз

Екібастұздағы төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2022 20:27 Сурет: primeminister.kz
Екібастұздағы жылу желілеріндегі 15 ақау жойылды. Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша жылу құбырындағы судың атқылауын жою жұмыстары тағы екі магистральда жалғасуда. Бұл туралы арнайы құрылған жедел штабтағылар ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қарашада сағат 19:00-дегі жағдай бойынша жылу құбырындағы судың атқылауын жою жұмыстары тағы екі магистральда жалғасуда.

Жедел штабтың хабарлауынша, мамандар 17 көпқабатты үй мен 4 әлеуметтік нысанға жылу беруді қалпына келтіруде. Бұл жұмыстарға 143 адам мен 30 техника жұмылдырылды. Станциядағы температура 75°C-ге дейін көтерілді.

"ОАЭК" АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Оралдың ақпараты бойынша негізгі апаттық учаске анықталды.

"Апат №52 орталық жылу пунктінде орналасқан. Барлық күштер осында шоғырландық. Біз асфальт қабатын алып тастап, құбырдың өзіне жеттік. Құбырды ауыстырған соң жылу желісіне  қосыла бастаймыз". Бағдат Орал

Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов апат бойынша тергеудің басталғанын мәлімдеді.

"Бүгін ЖЭО басшылығы ресми түрде хабардар етілді. Он жұмыс күні ішінде тергеуді аяқтап, қорытындыны хабарлаймыз. Кәсіпорындардың тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастырдық. Желідегі жылудан ажыратулар сервистік компаниялармен бірлесіп пысықталды". Сұңғат Есімханов

"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС құрылтайшысы Александр Клебанов компанияның ақауды  жою үшін қажетті ресурстары бар екеніне сендірді. Сондай-ақ, апаттың салдарын жоюға қаланың басқа да өнеркәсіптік кәсіпорындарының күштері жұмылдырылды.

"Біз жеке компания ретінде орын алған жағдайға толық жауап береміз. Мұнда құқық қорғау органдары мен прокуратураның қатысуымен комиссия құрылатыны сөзсіз. Олар бәрін мұқият қарастырады. Бұған біз де мүдделіміз". Александр Клебанов

Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы қазіргі кездегі басты міндет – үйлерді жылумен жабдықтауды қалпына келтіру екенін айтты.

"Бәрі проблеманы толықтай түсініп отыр, нақты шешімдер қабылдау қажет. Біз осы мақсат үшін жиналдық. Негізгі міндет – тез арада жылумен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру. Біз барлық күш пен ресурстарды қолданамыз. Сондықтан бәріміз қаладағы жылумен жабдықтау жүйесі штаттық режимде іске қосылмайынша, бұл жерден кетпейміз. Тұрғындар бізден тек осыны күтеді". Әбілқайыр Сқақов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: