Астанада апат орын алған "Көктал-1" тұрғын үй алабына газ берілді

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2022 21:56 Сурет: gov.kz
"Көктал-1" тұрғын алабының абоненттеріне газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та тоқтатылған болатын. Газ құбырын жөндеу кезінде "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппараты жанынан құрылған штаб 50 абонентке көмір тасымалдауды ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ авариялық бригадасы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Барлық үш газ реттегіш пункттер шкафтары штаттық режимде жұмыс істейді. "Көктал-1" тұрғын алабының барлық абоненттеріне газ беру толық қалпына келтірілді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Айта кетсек, "Көктал-1" тұрғын алабының абоненттері үшін газ беру 28 қарашада сағат 18:40-та "ГАЗОВИК" ЖШС инжинирингтік компаниясының құрылыс техникасының кесірінен 236 абонент газсыз қалған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: