Қырғыз ағайындар Екібастұзға гуманитарлық көмек жинап жатыр

Гуманитарлық көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2022 20:55 Сурет: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Екібастұзға тек Павлодар облысы ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірі көмек қолын созуда. Сондай-ақ Қырғыз елі де қақаған қыста қиын жағдайға тап болған екібастұздықтарға жылу жинап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екібастұзға тек Павлодар облысы ғана емес, елдің біраз аймағынан мамандар келіп көмектесіп жатыр.  Еріктілер де жан-жақтан жиылған. Тіпті Алатаудың ар жағында жатқан қырғыз халқы да екібастұздықтар үшін гуманитарлық көмек жинай бастаған, деп хабарлайды "Хабар 24".

Айыр қалпақты ағайын әлеуметтік желіде үндеу жариялап, аязда жылусыз қалған екібастұздықтарға қол ұшын созуға шақырып жатыр. Бірі таныстары арқылы жылытқыш құрылғылар жөнелтетінін айтса, енді бірі арнайы есепшот ашып, қаржылай көмек жинай бастаған.

27 қарашаға қараған түні Екібастұз апатқа байланысты жылусыз әрі ыстық сусыз қалды.

Облыс әкімі басшылығымен жедел штаб құрылды.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.

30 қарашада Екібастұзға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов келіп жетті.

Бүгін, 2 желтоқсанда Екібастұз қаласына ҚР ТЖМ-ның қосымша күштері мен техникасы да жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: