Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартылды
Сурет: ҚР Бас прокуратурасы
"Дикий Арман" деген атпен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартылды. Бұл туралы 6 желтоқсанда Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тергеу органдарының Ж.-ке қатысты қамауда ұстау мерзімін 12 айға, яғни 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
7 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматыда қылмыс әлемінде танымал Дикий Арман ұсталғаны туралы хабарлады. Арман Жұмагелдиевпен бірге оның тобына қатысы бар деген бес адам ұсталды. Бас прокуратура Дикий Арман тәртіпсіздіктер кезінде адам ұрлағанын мәлімдеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript