Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында мемлекеттік мекеме ғимаратынан өрт шықты

Павлодарда ғимарат өртенді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 16:48 Сурет: Павлодар облысы ТЖД
8 желтоқсан күні «Ақтоғай ауданы экономикасының нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында өрт болды. Бұл туралы Zakon.kz-ке Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Ведомствоға Алина, 97 мекенжайында «Ақтоғай ауданының экономикасының нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен өрт шыққаны туралы хабар сағат 11:10-да түскен.

"Өрт "Жас қанат" жастар ресурстық орталығына тиесілі екінші қабаттағы кеңседен шыққан. Өрт сөндірушілер жоғары температура әсерінен жиһаздың жанып жатқанын, екі пластик терезе мен керілген төбенің еріп кеткенін анықтады. Өрт аумағы - 25 шаршы метр"Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өрт сағат 12:05-те сөндірілді.

"Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 60 адам өз күштерімен эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ", - деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен бір техника жұмылды.

Бұған дейін Павлодардағы өртке байланысты қонақүйден 200 адам эвакуацияланғаны хабарланған еді. 1969 жылы туған ер адам қалалық ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: