Атырауда көп балалы шетелдік келіншек елден шығарылды
Сурет: видеодан скриншот
Атырауда есірткіге мас күйінде көлік жүргізген көп балалы ана елден қуылды. Облыстық полицияның Zakon.kz-ке хабарлауынша, 30 жастағы шетелдік әйел алты баласымен қалада құжатсыз жүрген.
Тәртіп сақшылары әйелдің Атырауға 2013 жылы келіп, құжаттарын жоғалтып алғанын нақтылады. Оның 2015, 2017, 2019, 2020, 2021, 2022 жылы туған алты баласының да құжаты болмаған.
"Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қалалық перзентханадан балалардың туу туралы куәлігін алып, құқықтық көмек көрсетті және Өзбекстан елшілігі арқылы азаматтың отанына оралуы үшін куәлік беруге жағдай жасады", - деді полиция.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен алты баласы бар 30 жастағы Өзбекстан азаматы ҚР аумағынан шығарылды.
12 қарашада Шри-Ланканың төрт азаматы иммиграциялық заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстаннан шығарылғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript