Қызылордада ер адам көпірден секіріп, мерт болды

Қызылорда, көпір, өз-өзіне қол жұмсау, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2022 15:00 Сурет: Қызылорда қаласының полиция департаменті
Қызылордада ер адам аспалы көпірден секіріп, қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада "102" арнасына белгісіз біреу сол жағалауда орналасқан аспалы көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені туралы хабарлама түсті". Қызылорда облысының полиция департаменті

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы аттанды. Тексеру барысында азаматтың қайтыс болғаны анықталды.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен («Өзін-өзі өлтіруге әкеп соғу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызылорда облысында жеңіл көлік түйеге соғылып, бір адам қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: