Оралда 22 жастағы жігіт көпірден секіріп мерт болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2023 23:16 Фото: zakon.kz
Оралда көпірден секіріп кеткен ер адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 30 мамыр күні сағат 15:15-те болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы жігіт "Динамо" спорт базасы маңындағы Жәңгір хан көшесіндегі көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсаған.

"Мой город" порталының хабарлауынша, мәйіт Оралдағы сот-медициналық сараптамадан өту үшін мәйітханаға жіберілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: