Жаңалықтар тізбегі
0

Талдықорғанда бұрынғы жұбайын пышақтаған ер адам сотталды

Талдықорған қаласының тұрғынына үкім шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 10:42 Сурет: ҚР ІІМ
Талдықорғанда бұрынғы жұбайына бірнеше рет пышақ салды деп айып тағылған 31 жастағы ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйелді күйеуі бірнеше рет ұрып-соққан, мұны полиция тергеу кезінде дәлелдеген және нәтижесінде сот үкім шығарған кезде осы дәлелдерді ескерді. Бұл дерек 5 қаңтар күні тіркелді.

Пышақпен қаруланған ер адам бұрынғы жұбайын үйдің маңында тосып жүріп, оның бетін, мойнын және денесінің басқа да бөліктерін қатты жарақаттаған, деп жазады Polisia.kz. 

Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Онда ол ұзақ уақыт дәрігерлердің бақылауында болды.

Оқиға орнынан жасырынған күдікті көп ұзамай халықаралық іздеуге жарияланды.

Белгілі болғандай, іздеуде жүрген адам Қостанай облысының аумағында жасырынып, ол жерде ұсталып, Талдықорған қаласына айдауылданды. Қылмыстық іске бірнеше сараптаманың нәтижелері қоса тіркелді. Тергеу аяқталғаннан кейін айыптау қорытындысы бар материалдар қалалық соттың қарауына жіберілді, – деді Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Сот үкіміне сәйкес 31 жастағы ер адамға жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мен осы іске адал қараған тергеуші Жасұлан Жаманбаев пен басқа да қалалық полиция қызметкерлеріне өте ризамын, қылмыскер жазаға тартылды. Мұндай жұмыс халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырады. Полиция қызметкерлері арасында өз ісін жақсы білетін мамандардың көп болуын шын жүректен тілеймін, – деп атап өтті жәбірленуші.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: