Парижде ашу қысқан күрдтерді тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолдана бастады
Орталыққа жиналған күрд қауымының жүзге жуық өкілі полицияға бөтелкелер мен тас лақтыра бастады, деп жазды ТАСС.
Күрдтер түріктерге қарсы ұрандармен митингке шығып, Түркияны бұл жағдайға қатысы бар деп айыптады.
Шерушілер қоқыс жәшіктерін өртеп, қауіпсіздік күштеріне тас пен бөтелке лақтырып, тәртіп бұза бастады. Полицейлер бұған жауап ретінде шулы граната қолдана бастады.
Бірақ бұл көмектеспеді: қазір француз полициясымен қақтығыс күшейіп келеді.
23 желтоқсанда 69 жастағы ер адам Париждің 10-округ көшесінде атыс шығарды. Ол ұсталды, дегенмен қылмыстың себептері әлі белгісіз. Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, шабуыл жасаған азаматтың ұлты – француз, ол 2016 және 2021 жылдары адам өлтіруге әрекеттенгені үшін полицейлерге жақсы таныс болған.