Қарағанды ​​облысында 19 вагон рельстен шығып кетті

"Қазақстан темір жолы" компаниясы, пойыз, жүк пойызы, вагон,, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 12:22 Сурет: Zakon.kz
28 желтоқсан күні сағат 07:45-те Қарабас стансасының Қарағанды – Ақадыр учаскесінде жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ баспасөз қызметі ешбір адам зардап шекпегенін мәлімдеді.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне жеке меншікке тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептеліп қалуы себеп болған. Бұл жағдайды тексеру үшін "Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ-да арнайы комиссия құрылды"."Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Компания бұл учаскеде пойыздар көрші жолмен жүріп жатқанын атап өтті.

"Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды"."Қазақстан темір жолы ҰК" АҚ баспасөз қызметі




 



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: