Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы қамауға алынды
Сурет: mzhroo.edu.kz
Солтүстік Қазақстан облысында білім басқармасының басшысы Сара Рамазанова қамауға алынды. Ол сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Солтүстік Қазақстан облысындағы, Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Рамазанова С.М.-ға пара алу фактісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде.
Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен Сара Рамазанова қамауға алынды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiндегі 201 бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript